Екі жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 4 мың нәресте дүниеге келді
«2020 жылы Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі отбасылық-демографиялық ахуал зор алаңдаушылық тудырып отырған мəселе екенін айтып, Үкіметке ЭКҰ квотаны 7 есе ұлғайтуды тапсырды. Осыған байланысты министрлік 2021 жылдан бастап жыл сайын отбасылық жұптарға ЭКҰ жүргізуге 7 000 квота берумен «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның іске асырылуы кезеңінде (2021-2022 жылдары) 14 000 әйел квота алды. Нәтижесінде 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді, шамамен 2 500 әйел жүктілігі бойынша қаралуда», - делінген министрлік ақпаратында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы 7 жылға арналған Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасы әзірленді.
Тұжырымдама 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.