Екі жыл спорттан шеттетілген Илья Ильин қайта тұғырға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Аталмыш жарыстарда спортшыларымыз 96-дан 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсуде. Екі жыл бойы ресми жарыстарға қатыспаған Илья Ильин осы жолы алғаш рет тұғырға көтерілді. Бүкіл әлемге танымал ауыр атлетші жұлқи көтеруден үздік нәтиже көрсетіп, 165, 170 және 172 келі зіл темірлердің үшеуін де сәтті орындады.

Алайда Ильиннің жаңа салмақ дәрежесі (102 келіге дейін) олимпиадалық санатқа жатпайды. Сол себептен оған тек екі оппонент- Елдар Сембаев пен Әлішер Оразбек қарсы тұратын болады.

Еске салайық, 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша допинг пайдаланды деп айып тағылғаннан кейін Илья Ильин екі жылға дейін спорттан шеттетілген еді. Биылғы жылдың маусым айында спортшының дисквалификациялау мерзімі аяқталды.

Фото: prosports.kz

Соңғы жаңалықтар