Екі жігіт Алматы зообағындағы жолбарысты ызаландырды
2022 жылғы 14 мамыр 11:15

Екі жігіт Алматы зообағындағы жолбарысты ызаландырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі жігіт тақтайшаларда жазылған ескертулерді елеместен, техникалық аумаққа қоршаулардан аттап кіріп, тордағы жолбарысты ызаландырды. Бұл туралы хайуанаттар бағының әкімшілігі әлеуметтік желі арқылы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені, зообақ аумағы үлкен - 21 га. Біз жануарларға осындай дөрекі іс-әрекеттер жасалғанын қаламаймыз. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр. Кінәлілер міндетті түрде жазасын алады», - делінген хайуанаттар бағының Instagram парақшасында.

Олар жыртқышқа әлдебір заттарды лақтырып, мазасын алып, зообаққа келуші басқа адамдарды балағаттаған.

Бұған дейін Алматы зообағындағы жануарлар жазғы вольерге көшіріліп жатқаны туралы жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT