Екі жасар сәби көлік астына түсіп, мерт болды - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 43 жастағы азамат "Москвич" көлігімен абайсызда екі жасар бүлдіршінді басып кетіп, ол сол жерде жан тәсілім етті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Оқиға Степногор қаласына қарасты Бестөбе кентінде орын алған. Ерейментау ауданы Сілетті ауылының тұрғыны Бестөбе кентінде "Москвич" көлігімен артқа шегінбек болған сәтте абайсызда екі жасар баланы қағып кеткен. Көлік астына түскен бүлдіршін сол жерде көз жұмды. Кейін белгілі болғандай, ол анасымен Астана қаласынан осында қонаққа келген екен.

Қазір аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары ғана жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар