Екі жасар бала тереңдігі 100 метрден асатын терең ұңғымаға құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның оңтүстігінде құтқарушылар тереңдігі 100 метрден асатын және ені 25 сантиметр болатын ұңғымаға құлап кеткен екі жасар баланы таба алмай жатыр, деп хабарлайды ВВС.

Оның тірі не өлі екенін ешкім білмейді. Әзірге құтқарушылар құдыққа түсірілген камера арқылы оның кәмпиттер салынған пакеті мен пластмасса стақанын тапты.

Қайғылы оқиға жексенбі күні Малагадан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Тоталан ауылының маңында болған. Әкесі полицияға жергілікті уақытпен 14:00-де баласының құдыққа құлап кеткенін хабарлаған.

Құтқару операциясы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар