Екі-үш есе қымбат баға ұсынған таксист ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында карантин кезінде жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқан екі такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай кезіндегі карантин режимін бұзған такси жүргізушілері тапсырысты «Indriver» қосымшасы арқылы қабылдап отырған.

«Ұсталған жүргізушілер белгілі бір соммаға адамдарды Көкшетаудан Шучинск қаласы және Шортанды кентіне дейін апарып, алып келмек болған. Олар осы қызметін 30 мың теңгеге бағалаған. Сонымен қатар, жолаушылардың блокпостан өтуге рұқсат құжаттары болмаған. 2020 жылғы сәуірдің 14-де Ақмола облыстық ПД Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері екі такси жүргізушісін ұстады. Олардың екеуі де ҚР ӘҚбК 476 бабы «төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді ведомстводан.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, ветеринарлық препараттарды жеткізуші блокпосттардан заңсыз адам өткізбек болған еді.


Соңғы жаңалықтар