+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Екі тәуліктен кейін Көкшетау қаласына су берілді

2020 жылғы 26 ақпан 22:24
Бөлісіңіз:
Екі тәуліктен кейін Көкшетау қаласына су берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласына екі тәуліктен соң су берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Ермек Өмірғалиевтің айтуынша, бүгін кешкі сағат 18:30-дан бастап қалаға су беріле бастады.

«Су біртіндеп әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге берілді. КНС 2-дегі ақауды жоюға атсалысқан қаланың барлық коммуналдық кәсіпорындарына, Ақмола облыстық ТЖД және үлес қосқан барлық азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», - деді Ермек Өмірғалиев қала әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланған видеода.

Айта кетейік, 24 ақпан күні Көкшетау қаласындағы Бейбітшілік (Мир) көшесінің бойында диаметрі 800 миллиметрлі КНС 2 құбыры жарылған болатын. Құбырлар 1978 жылы тартылған. Салдарынан қала екі тәулік сусыз қалды. Әлеуметтік нысандар мен тұрғындарға су тасымалданып жеткізілді. Осыған байланысты қала әкімі Амангелді Смайылов қала тұрғындарына төтенше жағдайға түсіністікпен қарап, сабырға шақырған болатын.

«Апаттан кейін бір сағат ішінде жедел штаб құрылып, бір тәулікте жағдайды қалпына келтіруге тырыстық. Ол үшін қаланы толығымен судан ағытуға мәжбүр болдық. Қазір бір жарым тәулік бойы «Көкшетау су арнасы» коммуналдық мекемесі, облыстың төтенше жағдайлар қызметі басқа да күш құрылымдары барынша жұмылдырылып, апатты жою жұмыстарын жүргізуде. Біз бір тәулік ішінде апатты жағдайдың салдарын жоймақ болдық. Алайда, су ағынының жетпіс пайыздан астамы, яғни 20 мың текше метр су қала арқылы өтетіндіктен, ағынды бірден тоқтату мүмкін болмады. Жерді қазу барысында ағын судың көптігінен топырақ қабаты опырылып, жұмысты жүргізуге айтарлықтай қиындықтар келтірді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен қаланыауыз сумен қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы аудандардан және «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамынан көліктер бөлініп, ауыз су тұрақты тасымалдануда. Осыған байланысты қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз», - деген еді қала әкімі Амангелді Смайылов.

«Су арнасы», «Тазалық», «ДЭУ» коммуналдық мекемелерінің 15 су тасығыш көліктері қала бойынша су жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Қоғам, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT