Екі тәулік толассыз жауған жаңбыр көкшетаулықтарды әбігерге салды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда екі тәулік бойы толассыз жауған жаңбырдан қала көшелері мен тұрғын үй аулаларын су алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуезов-Тәшенов және Әуезов-Пушкин көшелерінің екі ортасында уақытша автомобиль қозғалысы тоқтатылады. Алдын ала айналма бағыт бағдарыңызды жоспарлауды сұраймыз»,- деп жазылған Көкшетау қаласы əкімдігінің Инстаграммдағы парақшасында.

Құрметті көкшетаулықтар❗️ Әуезов-Тәшенов және Әуезов-Пушкин көшелерінің екі ортасында уақытша автомобиль қозғалысы тоқтатылады. Алдын ала айналма бағыт бағдарыңызды жоспарлауға сұраймыз❗️ 🚒🚒🚒 Уважаемые кокшетауцы❗️ В связи с мероприятиями по откачке дождевой воды, сообщаем о временной остановке движения между перекрестками Ауэзова-Ташенова, Ауэзова-Пушкина. Просим заранее планиповать маршруты в объезд❗️ #арқаныңкербезсұлукөкшетауы #xабарлама #объявление #откачкаводы #ливень #стиxия #объявление

Публикация от Көкшетау Қаласының Әкімдігі (@7162akimdigi) 21 Авг 2018 в 7:29 PDT

Сонымен қатар, желі де қаланың  өзге көшелері мен Застанционный сияқты бірқатар шағын аудандарында су сору жұмыстары жүргізіліп жатқандығы түсірілген бейне жазбалар жариялануда.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай «Қазгидромет» РМК 19-21 тамызда еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар