Екі танысын мылтықпен атып жаралаған қостанайлық қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Екі адамға оқ атқан Қостанай облысының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Алтынсарин ауданының Силантьевка ауылында болған.

«Аулада отырған үш ер адамның арасында жанжал туындайды. Содан кейін күдікті аңшы мылтығын алып шығып, 29 және 31 жастағы екі танысына оқ атқан. Жарақат алған екеу ауруханаға жеткізілді» дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір осы дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар