Екі өңірде 35 градусқа дейін аяз болады - Қазгидромет

None
АСТАНА. ҚазАқпрат – Қазгидромет алдағы күндердегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым алқабының ықпалында болады. Осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

6 желтоқсанда түнде Қарағанды, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус аязға дейін болады деп болжануда.


Соңғы жаңалықтар