Екі облыстың аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты еліміздің екі облысы аумағындағы республикалық жолдар жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шарымындағы Көктума мен Достық аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Бұдан бөлек, «Алматы-Өскемен» автожолының 558-615 шақырымындағы Үшарал мен Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейін жол жабық.
Сонымен қатар, ШҚО аумағындағы боран салдарынан «Алматы-Өскемен» жолының 615-768 шақырымындағы Алматы облысы шекарасы мен Аягөз аралығында да көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Қазіргі кезде «Таскескен-Бақты» жолының 0-187 шақырымындағы Таскескеннен ҚХР шекарасына дейінгі аралықта жол жабық тұр.

Соңғы жаңалықтар