Екі облыстан 150 қазақстандық Шекара қызметінің әскери жиындарына шақырылады

None
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әскери жиындардан өту үшін 150 қазақстандық Алматы мен Түркістан облыстарындағы ҰҚК Шекара қызметінің департаменттеріне шақырылады. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйырығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өту үшін 150 әскери міндетті күнтізбелік 30 күн мерзімге шақырылсын», - делінген комитет төрағасы Ермек Сағымбаевтың бұйрығында.

Түсіндірмеде жазылғандай, әр департаментке 75 запастағы әскери міндетті шақыралады.

«Бұл 30 тәулік ішінде ҰҚК Шекара қызметінің Алматы мен Түркістан облыстары департаменттерінің базасында (әр департаментте 75 адамнан) запастағы әскери міндеттілерді (150 адам) әскери білімге және машыққа үйрету үшін әскери жиындар өткізуге бағытталған. Жобаның материалдық және қаржылық қамтамасыз етілуін бөлінген бюджеттік қаражат шегінде жүргізу жоспарлануда», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Құжат 13 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар