Екі облыста көлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрқасын салдарынан Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Казахавтодор» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында сағат 18:15-те ауа райының  қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) «Алматы-Өскемен» тас жолының Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі бөлігі  (778-863 шақырым аралығы) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.

Алматы облысында ауа райының  қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) сағат 18:30-да «Сарыөзек-Көктал»  тас жолының Қоғалы ауылынан Басшы ауылына дейінгі аралығы (40-80 шақырым) жүк көліктері үшін; сағат 19:00-де «Алматы-Өскемен»  күре жолының Талдықорған қаласынан Үшарал қаласына дейінгі бөлігі (287-558 шақырым)  жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды. 

Соңғы жаңалықтар