USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2018 жылғы 29 тамыз 18:44
Бөлісіңіз:
Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с артуы мүмкін.

30 тамыз күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерлерде нөсерлі жауын күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК-ның хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT