Екі нокдаун: Батыр Жүкембаев Канадада жеңіске жетті

None
None
МОНРЕАЛЬ. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рики» лақап атты мексикалық Рикардо Лараға қарсы (22-7, 10KO) айқас Канаданың Монреаль қаласында «Montreal Casino аренасында» өтті.

Оны «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетті.

Батыр Жүкембаев бірінші раудтан-ақ белсенді айқасқа кірісті. Ал екінші раундта оппонентін екі рет ауыр нокдаунға түсірді. Осыдан кейін мексикалық боксшының өкілдері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісті қазақ боксшысына берді.

Осылайша, Б.Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 18-інші кездесуін 18-інші жеңіспен аяқтады. Оның 14-інде қарсыласын нокаутқа жебірген.

Айта кетсек, әуелде Жүкембаевтың IBF Latino чемпионы аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронға (12-3-1, 4 КО) қарсы айқасатыны жарияланған еді. Алайда бұл шешім аяқ астынан ауыстырылып, оппонент ретінде Рикардо Лара белгіленді.

28 жастағы Батыр соңғы рет рингке 2019 жылдың қыркүйегінде Канадада шыққан болатын. Онда төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Халықаралық бокс ұйымының (IBO) рейтингінде ол өз салмағында 11-ші орында тұр.






Соңғы жаңалықтар