Екі мыңға жуық ауылда «Қазпошта» бөлімшелерінен ХҚО ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 1900-ден астам ауылда «Қазпошта» бөлімшелерінде халыққа қызмет көрсету орталықтары жасақталады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Биыл 50 орталықты жаңартамыз. Сондай-ақ, ауылдық «Қазпошта» бөлімшелерінде қызмет көрсетуді ұйымдастырамыз», - деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Яғни, министрдің айтуынша, 1900-дан астам ауылдың тұрғындары қалаға шықпай-ақ, өз ауылында орналасқан «Қазпошта» филиалынан мемлекеттік қызметтерді алады.

«Бұл - кем дегенде 4 млн-нан астам ауыл адамына қолайлы мемлекеттік қызмет көрсетіледі деген сөз. ХҚО қызметкерлерінің жұмысын жақсарту мақсатында жасанды интеллект қолданатын дауысты виртуалды робот іске қосылады. Ол бізде колл-орталық мәселелерін реттеуге көмектеседі», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Бұған дейін Цифрлық даму министрі Астанада «суперЦОН» ашылатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде де интернеті өшірілмейтін ұйымдардың тізімі жасалады.


Соңғы жаңалықтар