+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Екі мыңға жуық Арыс тұрғыны қаржылай көмек алды

2019 жылғы 1 тамыз 18:55
Бөлісіңіз:
Екі мыңға жуық Арыс тұрғыны қаржылай көмек алды

АРЫС. ҚазАқпарат - Екі мыңға жуық Арыс тұрғыны қаржылай көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Арысты қалпына келтіру жұмыстарымен танысты Арыстықтардың тағы бір бөлігі жөнделген үйлеріне кірді Ақтөбелік құрылысшылар Арыстағы жұмыстарын ертең аяқтайды

Болат Өтемұратов қоры, Қазақстанның «Қызыл Ай» қоғамы және ForteBank-тің «Көмек картасы» бірлескен жобасының шеңберінде Арыс қаласының 2 мыңға жуық тұрғыны қаржылай көмекке ие болды. Бөлінген ақшаға құрылыс материалдарын сатып алуға, шаруашылық тауарларын түгендеуге және киім-кешекті бүтіндеуге беріліп отыр. Бүгінгі таңда Арыс қаласының әкімдігі мен «Қызыл Ай» және Болат Өтемұратов қоры көмек алушыларды анықтады. Олардың қатарында медициналық жәрдемге жүгінгендер, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен мүгедектер бар. Аталған санатқа кіретін әр отбасы мүшесіне 30 мың теңгеден банк карталары табысталды.

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қор жетекшілеріне қаланы қалпына келтіруге атсалысқаны үшін алғыс айтты.

«Қиын кезеңде бізді бүкіл ел қолдады және бізге көмек қолын ұсынған ұйымдардың бірі - Болат Өтемұратов қоры болды», – деп атап өтті қала басшысы.

Айта кетейік, табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша «Көмек картасы» жобасы 2018 жылы бастау алған болатын. Бұған дейін қор тарапынан Қарағанды, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 56 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT