11:43, 21 Қазан 2020 | GMT +6
Екі министрліктің жауапты хатшылары қызметтерінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен екі министрліктің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;
Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.