Екі министрлікке жаңадан баспасөз хатшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутова ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігіне тағайындалған баспасөз хатшыларын таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін біздің қатарымызға екі жаңадан тағайындалған баспасөз хатшысы қосылды. Олар - Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Рауан Өмірұлы Есқали мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жаңа баспасөз хатшысы Серікбекұлы Нұрбол Серікбеков», - деді Оксана Лоскутова.

ОҚК-ның ресми өкілі аталған жиында алда келе жатқан Астана күні мерекесіне орай, республиканың барлық өңірінде өткізілетін іс-шаралар легімен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар