Екі мегаполис пен үш облыста вакциналау жұмысының белсенділігі төмен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинамен қамту жұмысының белсенділігінің төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.

Е. Тоғжанов бірқатар өңірде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинамен қамту жұмысының белсенділігінің төмен екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Атырау және Қостанай облыстарында тұрғын үй аулаларын аралау арқылы халық арасында екпе жұмыстарының ұйымдастырылмағанын атап өтті.

Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар