Екі мегаполис пен үш облыс жергілікті бюджетті дұрыс игермеген – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Жергілікті бюджеттің шығыстары 2,1 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті бюджеттің шығысы 2,1 трлн теңгені құрады. 28 млрд теңге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 1,9 теңге сомасында нысаналы трансферт көзделген. Ол үшін 1 мамырға 456 млрд теңге бөлінген. Оның 98,9% игерілген. 5 млрд теңге игерілмеген, оның 1 млрд теңгесі үнемделген болса, 4 млрд теңгесі игерілмеген», - дейді Ерлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы министрі барлық өңірде кіріс бойынша жоспар асыра орындалғанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар