+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Екі қызды Lexus төбесіне отырғызып серуендеген жігіт 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

2020 жылғы 24 мамыр 17:52
Бөлісіңіз:
Екі қызды Lexus төбесіне отырғызып серуендеген жігіт 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мас күйінше көлік жүргізген елорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада Ресейге бет алған жүк көлігі өртеніп кетті Армениядан әкелінген жүзден астам автокөлік Алматы облысында уақытша тіркеуге қойылды Ұшақта темекі шеккен әйелге айыппұл салынды

24 мамыр күні таңғы 04.30 кезінде 24 жастағы қала тұрғыны мас күйінше орталық саябақта Lexus LX 570 көлігін жүргізген.

Бүгін әлеуметтік желіде екі қызды Lexus LX 570 көлігінің төбесіне отырғызып алған жүргізуші бейнеленген видео тарады.

Қалалық полиция қызметкерлері жас жігітті ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабы 1-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартты.

Әкімшілік соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Ол енді 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды. Сот оны мұндай мүмкіндіктен айырды. Автомобиль айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ екі жолаушы – көліктің төбесінде отырған 2000 және 2001 жылы туған екі қыз да аталған кодекстің 615-бабы бойынша жауапқа тартылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT