Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингенті елден шығарылады - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды. Мұны бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталғанына тоқталған Президент, еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты екенін жеткізді.

«Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады. Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды.
Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді.



Соңғы жаңалықтар