Екі күнде екі өлім: Оралда жол апаттары бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда кісі өліміне соқтырған жол апаттары бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 3 маусым күні сағат 05.30-да «ВАЗ-2170» автокөлігінің жүргізушісі Жәңгір хан көшесімен келе жатып, рульге ие бола алмай, «Нэфтек» жанар-жағар май құю стансасының ақпараттық стендіне соғылған.

Соның салдарынан автокөлікте отырған 1997 жылғы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 1991 жылғы жүргізуші мен 1998 жылы туған тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ 4 маусым күні сағат 04.00-де «Volkswagen Passat» көлігінің жүргізушісі дәл сол Жәңгір хан көшесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, велосипед мінген 1991 жылғы тұрғынды қағып кетті. Ол да оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде қайғылы оқиғалар бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда кісі өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 1998 жылғы тұрғынға ота жасалып, беті бері қарады, ол жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылды. 1991 жылғы тұрғын да жарақат бөлімінде.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар