Екі қазақстандық таеквондошы Гран-при финалына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 8-10 желтоқсан күндері таеквондодан Гран-придің ақтық сыны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Париждегі Олимпиада ойындарына маңызды рейтингілік ұпай әкелетін турнирге әлемдік таеквондо жұлдыздары қатысады.
Ақтық сында Қазақстан командасынан екі спортшы: Жансель Дениз (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг) күш сынайды.


Фото: kaztkd.kz

Соңғы жаңалықтар