+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Екі қазақстандық қыз күрестен Голден Гран-При «қоласын» олжалады

2016 жылғы 26 қараша 15:32
Бөлісіңіз:
Екі қазақстандық қыз күрестен Голден Гран-При «қоласын» олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі қазақстандық қыз Бакуде өткен күрестен Голден Гран-Приде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды sports.kz. Эльмира Сыздықова Голден Гран-Придің қола жүлдесін еншіледі.

69 келіге дейінгі салмақта «қола» үшін күресте Сыздықова әзербайжандық Элис Манолованы 7:3 есебімен жеңді.

Іріктеу кезеңінде Эльмира түркиялық Бюзе Тосуннан басым түсті, ал ширек финалда қытайлық Цзяо Ванды тізе бүктірді. Алайда, жартылай финалда АҚШ спортшысы Тамира Менсадан жеңіліп қалды. Ал ақтық сайыста жапон қызы Масако Фуричимен тірескен Тамира Менса «күміс» жүлдені қанағат тұтты.

Одан бөлек, қазақстандық спортшы Ирина Казюлина 75 келіге дейінгі салмақта «қола» олжалады. Үшінші орын үшін айқаста Ирина ресейлік Анжела Катаеваны айқын басымдылықпен - 5:0 есебімен жеңді. Оған дейінгі ойындарда түркиялық Айсегюль Озбегені, канадалық Леа Кэллаханды және қытайлық Циандегенчаган Циандегенчаганды жеңіп шықты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT