Екі қазақстандық қоян-қолтық ұрыстан Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар қоян-қолтық ұрыстан Еуропа чемпионатының жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Минскіде қоян-қолтық ұрыстан IV ашық чемпионаты өтті. Онда 26 елден келген 170 спортшы жүлделі орындарға таласты. Еуропалықтармен қатар АҚШ, Канада, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан командалары да қатысты. Жарыс қожайыны Беларусь жекпе-жек шеберлері екі құраманы (әр салмақ санатында - екі спортшыдан) таныстырды, ал басқа елдер бір-бір құрамамен келген.

Қазақстан 17 қатысушыны ұсынған болатын, оның 9 - ер, 8 - әйел). ҚР құрамасында Алматы қаласының қалалық федерациясының тәрбиеленушілері болды. Чемпионатта Қазбек Сағын (55 келі) мен Данияр Үстембаев (90 келі) жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

«Жай ғана жұдырықтасу - оңай, ал чемпионатқа жарақатсыз келу - ең қиыны. Дайындық барысында мен жарақат алып қалдым, сонда да өзімді жеңуге тырысып, 100% барымды салуға тура келді», - деп бөлісті Қазбек Сағын.

Жалпы, Қазақстан құрамасы 4 медаль иеленіп қайтты, оның екеуі - алтын, екеуі - Қымбат Ахмет пен Дәулет Имаханов еншілеген қола.

Соңғы жаңалықтар