Екі қазақ балуаны еркін күрестен Азия чемпионатының финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Алғаш болып еркін күрес балуандары өзара мықтыларды анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 57 келідегі Мейрамбек Қартбай үнділік спортшыдан ұтылып, жарысты аяқтады.

65 келідегі Саятбек Оқасов құрлық додасының финалында күреседі. Ол іріктеу кезеңдерінде Бахрейн, Қырғызстан және Солтүстік Корея спортшыларынан басым болды.

Сондай-ақ 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов Ирак, Түрікменстан және Иран балуандарынан басым түсіп, финалға жолдама алды.

79 келіде белдесетін Ғалымжан Өсербаев Тәжікстан мен Өзбекстан балуандарын жеңгенімен, жартылай финалда үнділік балуанға есе жіберді. Кешкі сессияда Өсербаев қола медаль үшін таласады.

Соңғы жаңалықтар