Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 9 сәуір 06:31

Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 сәуірде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 9 сәуірде Нұр-Сұлтан, Петропавл қалалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT