Екі бойжеткенді қағып кетіп, шетел асқан жүргізуші ұсталды – СҚО полициясы

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда екі бойжеткенді көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті И.В. Старухин қолға түсті. Ол бұған дейін халықаралық іздеуде болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Петропавл қаласының полиция қызметкерлері И.В. Старухинді уақытша оқшаулағышқа қамады. Ол 2018 жылдың 15 қыркүйегінде «Новый Свет» кинотеатрының маңында жол-көлік оқиғасына себепкер болды деген күдікпен халықаралық іздеуде болған еді. Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалып отыр.

Еске сала кетсек, осы жылдың  қыркүйегінде Петропавлда автомобиль екі бойжеткенді қағып кеткен болатын. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, екеуі де ауыр халде болған.

Кейін СҚО Полиция департаменті қыздарды қағып кеткен «Лексус» жүргізушісі И.В.Старухинді іздестіріп жатқанын хабарлады.

Бұдан соң Старухиннің шетел асып кеткені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар