Екі боксшымыз Таиландтан жүлдемен оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландтың Бангкок қаласында бокстан «Король кубогы» халықаралық турнирі мәресіне жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Қазақстан боксшылары жарыстан екі жүлдемен оралды. 52 келіде жұдырықтасқан Евгений Павлов финалда қытайлық қарсыласына жол беріп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді. 60 келіде ел намысын қорғаған Әділет Құрметов жартылай финалда Моңғолия спортшысынан ұтылып, қола жүлдегер атанды.



Соңғы жаңалықтар