Екі балаға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған БҚО тұрғыны 20 жылға сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында кішкентай қыздарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған тұрғын 20 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан түскен мәліметке қарағанда, 22 жастағы азаматқа қатысты айыптау үкімі алқабилердің қатысуымен шығарылды.

Оқиға өткен жылы 26 шілде күні болған. Облыс тұрғыны «кәмпит беремін» деп алдап, 2014 және 2012 жылғы қыздарды өзінің үйіне шақырып алған. Балалар соңынан ерген. Кейін сотталушы есікті ішінен кілттеп, кішкентай қыздарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сот барысында айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденіп, ол ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігіне (жәбірленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаларға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Сотталушының қылмысы ҚР ҚК-нің 11-бабына сәйкес аса ауыр қылмыс санатына жатады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, оқиға Теректі ауданы Жаңа Өмір ауылында болды.


Соңғы жаңалықтар