Екі айда 1,8 млн гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылдың 2 айында шамамен 1,8 млн гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың екінші жартыжылдығында жайылымға түсетін жүктеме нормативтері мен аудандар, ауылдық округтер, нақты шаруашылықтар бөлінісінде ауыл шаруашылығы жануарларының санын салыстыру арқылы жайылымдардың пайдаланылуына талдау жүргізілді.

Талдау көрсеткендей, жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға 72,4 млн гектар жайылым бекітіліп берілген, ал олардың жартысына жуығында жеткілікті мал басы жайылмайды.

Қазіргі уақытта министрлік облыс әкімдерімен бірлесіп жайылымдарды пайдалану тиімділігін арттыру жұмысын жүргізуде. Қазірдің өзінде нәтижелер бар» - деді министр Сенатта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы мемлекет меншігіне 1,1 млн гектар пайдаланылмайтын жайылым қайтарылса, биылдың 2 айында шамамен 1,8 млн гектар жайылым қайтарылды.

«Көрсетілген жерлер бойынша оларды жаңа жер пайдаланушыларға қайта бөліп беру және ауыл шаруашылығы айналымына тарту жұмысы жүргізілуде», - деді Сапархан Омаров.


Соңғы жаңалықтар