Екі аяғынан айырылған алматылық жаттығу кезіндегі суретін жариялады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол апатынан екі аяғынан айырылған алматылық келіншек жаттығу сәтінен түсірілген суретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

32 жастағы Екатерина Парафиева бірнеше күн бұрын ауруханадан шыққан болатын.

Ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында әлі де оңалту шараларын басынан өткеріп жатқанын баяндап, жазба қалдырды.

«Мен өзімнің жаттықтырушым Вовасыз күнім өтпейді. Маған үлкен сенім артқаны үшін әрі бір сәт тыным бермегені үшін оған алғысым шексіз. Менің айналамдағы адамдардың керемет күші, қолдауының арқасында алға қарай жылжып келемін», - деді Екатерина.

День не день, если он не начинается со слов "Я так ждала тебя, Вова"😅😉😎 Спасибо моему тренеру Владимиру, за то что верит в меня, и не дает расслабиться... Ну и что, что жарко, мы тебя водичкой побрызгаем 😆 Тащусь от этого фото, люди находящиеся рядом со мной, обладают невероятной силой, и стимулируют двигаться только вперед к своим маленьким победам💪👌👍🤗 Р.s. за кадром Кира с водичкой 💦💦💦

Публикация от Катерина Парафиева (@katerina_parafieva) Авг 3 2017 в 4:52 PDT

Көлік апатында екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева белгілі ерікті, жаттықтырушы Кира Ударцеваның көмегімен оңалту шараларынан өтіп жатқандығын жазған болатынбыз . 

Еске сала кетейік, жол апаты 16 маусымда Алматы қаласындағы  Әл-Фараби даңғылында болған. Honda CRV тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry көлігін автобус соққан. Соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып келіп Honda CRV көлігін соғады. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылған болатын. Ал екінші қыз №7 қалалық ауруханананың неврология бөліміне жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар