Екі аяғынан айрылған алматылық келіншектің үйдегі алғашқы аптасы қалай өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол апаты кесірінен екі аяғынан айрылған алматылық келіншектің жаттықтырушылары алғашқы аптаның қалай өткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзінің ойымен оның жаттықтырушысы Кира Ударцева Фэйсбуктегі парақшасында бөлісті.

«Алғашқы апта оңай болмады. Катя сәл ауырып қалды. Вирус. Сонымен қатар аяғындағы жара да толық жазылмай жатыр. Қайтадан ауруханаға барып, дәкені ауыстырып жатырмыз. Катя - өте ақылды, мықты қыз. Сіздердің қолдауларыңыз оған күш береді», - деді Кира Ударцева.

Ерікті сондай-ақ, жазбасында ортопед Владимир Бабякин туралы айтып өтті.

«Бабякин Владимир, сенің атқарып жұмыстарыңа таң қаламын!!! (...) Күшті болса да Катяны нәзік хрустальді көтергендей мұқият көтереді. Володя, көп рахмет», - деді Кира Ударцева.

Қазір Катя белгілі ерікті, жаттықтырушы Кира Ударцеваның көмегімен оңалту шараларынан өтіп жатыр. Арнайы жаттығулардың көмегімен ол протез киюге дайындалмақ.

Еске сала кетейік, жол апаты 16 маусымда Алматы қаласындағы  Әл-Фараби даңғылында болған. Honda CRV көлігін тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып, көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry көлігін автобус соққан. Соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып келіп Honda CRV көлігін соғады. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар