+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Екі аптада жемқорлыққа қатысты 15 басшыға сот үкімі шықты

2020 жылғы 16 қазан 16:52
Бөлісіңіз:
Екі аптада жемқорлыққа қатысты 15 басшыға сот үкімі шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 37 адамға қатысты 29 айыптау үкімі шығарылды, олардың 15-і түрлі деңгейдегі басшылар. Бұл туралы онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 37 адамға қатысты 29 айыптау үкімі шығарылды, олардың 15-і түрлі деңгейдегі басшылар», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов.

Оның айтуынша, 8 адам бас бостандығынан айырылса, 9 адамның бас бостандығы шектелді. Жалпы еселік айыппұл сомасы 100 млн.теңгеден астам еселік айыппұлмен – 19 адам сотталды.

«Жымқыру фактілері бойынша - 9, алаяқтық үшін – 12, пара бергені үшін - 13, пара алғаны үшін – 9 және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін – 2 адам сотталды», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT