Валюта бағамдары:
    usd/kzt 467.99 eur/kzt 488.82

    rub/kzt 7.7 cny/kzt 65.06
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Екі аптада Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кірді - ІІМ

2022 жылғы 4 қазан, 11:50

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанды паналап жатқан ресейліктер туралы соңғы статистиканы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 қыркүйектен бастап Қазақстанға неше ресейлік келіп, неше ресейлік шығып кетті?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Министрдің айтуынша, кешеден бері Ресейден Қазақстанға қарай ағылған нөпір бәсеңсіп, қалыпты деңгейге түскен.

«Бұл мәселе бақылауда. Ресейдің 200 мыңнан астам азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда 147 мыңы шығып кетті. Әрине ішінара мобилизация жарияланған кездерде үлкен кептелістер болды. Кешеден бастап бұрынғы қалпына келіп отыр. Мысалы, кешегі күнді алатын болсақ, Ресейдің 7 мыңнан астам азаматы мемлекетімізге кірді, 11 мыңға жуығы шығып кетті. Сондықтан қазір келгендер шығып жатыр. Миграциялық ахуал бақылауда. Жан-жақты қарап жатырмыз», - деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ ол екі арадағы шекаралық қатынас тар экономикалық одақ аясында реттелетінін еске салды.

«Екі тараптан да шекарадан өтуші азаматтарға шектеу жоқ, болмайды да. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ аясында құқықтық шартымыз бар. Құқықтық мемлекет болғандықтан бүкіл іс-қимылды осы заң шеңберінде жасаймыз», - деді ІІМ басшысы.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары