Екі ақтөбелік тыйым салынған аудиожазбаларды сақтағаны үшін жазаланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде полиция қызметкерлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізіп, тыйым салынған аудиожазбаларды сақтаған екі ақтөбелікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 28 жастағы екі тұрғыны деструктивті сипаттағы аудиожазбаны сақтаған. Діни сараптама нәтижелері бойынша аудиожазба мазмұны Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды.

«Сот шешімімен екі ақтөбелік ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған өнімі тәркіленіп, әрқайсысы 58 340 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылды. Ақтөбе облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дайындауға, сақтауға, әкелуге, тасымалдауға, таратуға тыйым салынатынын еске салады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар