Екі адамның ажалы судан болды - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Ақмола облысында 2 адам суға кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл жолы қайғылы оқиға алдымен 10 тамыз күні таңғы сағат 08:30 шамасында Ақкөл ауданының Азат селосында тіркелді. Онда Каменка бөгеніне суға шомылмақ болған Целиноград ауданының тұрғыны 1986 жылғы М.Хасенов суға батып кеткен. Дәл сол күні кешкі сағат 20:00-де Целиноград ауданының Абай селосында 5 жасар бала абайсызда Нұра өзеніне құлап кетіп, ажал құшқан.

Соңғы жаңалықтар