Екі адамды ұрып-соғып, кейін қойша бауыздап өлтірген қылмыскерлер 21-22 жылға сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі адамды ұрып-соғып, кейін қойша бауыздап өлтірген қылмыскерлер 21 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокуратураның мәліметі бойынша, 2013 жылдың 24 желтоқсанында Сандықтау ауданындағы Хлебное ауылында А.В.Гринь, Н.А.Васильев және К.Т.Құлыбаев қосылып, арақ ішкен. Кейін ішімдікке сылқия тойып алған үшеуінің арасында кикілжің туып, А.В.Гринь мен Н.А.Васильев үй иесі К.Т.Құлыбаевты жағасынан алып, жұдырықтай жөнелді. Осы кезде үй ішіне К.Т.Құлыбаевтың досы А.К.Сейтенов кіріп келеді. Ол бірден жаға жыртысып жатқан бұл үшеуін сабырға шақырып, ажыратпақ болады. Осы кезде әбден қызып алған А.В.Гринь мен Н.А.Васильев үй иесін қойып, А.К.Сейтеновтің жағасынан жармасып, оның өзін соққыға жығады.

Әбден естен айырылған Н.А. Васильев А.К. Сейтеновтің арт жағынан келіп, кеңірдегін пышақпен орып жіберіп, кеудесіне бірнеше рет сұққан. Ал қансырап құлаған жәбір көрушіні тепкісінің астына алып, бас сүйегін сындырған. Медициналық сараптамада жәбір көрушінің пышақ жарақтынан ғана емес басына тиген ауыр соққылардан көз жұмғандығын айғақтайды. Қаныпезер қарақшылар қолдарын қанға малғандарын мұнымен тоқтамай өз қылмыстарын жасыру мақсатында алғашқы жанжал шыққан оқиғаның басты кейіпкері, яғни үй иесі Құлыбаевтың көзін құртуды ойластырады. Осылайша, екі қарақшы Құлыбаевты да пышақтап, бауыздап өлтіреді.

Сосын барып, жәбіркөрушілердің өлі денесі жатқан үйге от қойып жағып жереді. Мұндағы ойлары қылмысты жасырып, оқиға орнынан бой тасалау еді.

Бірақ үстіне баллон қойылып астынан от жағылған пештері өзінен өзі сөніп қалады. Осылайша, бұл қылмысты оқиғаның жедел ашылуына себепкер болады.

Жақында бұл қылмыстық оқиға бойынша сот процесі өтіп, оның шешімі бойынша екі қылмыскер де ұзақ жылға бас бостандықтарынан айырылды. Атап айтсақ, айыпкерлер Гринь 21 жылға, Васильев 22 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар