Екі адамды өлтіріп, 17 жылға қамалды - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Екі адамды өлтірген ОҚО тұрғыны 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

«Ер адам ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлімімен сотталды. Қылмыстық істің материалында сотталушы Бектаевтың екі адамды өлтіру мақсатымен Шымкенттен Леңгірге келгені айтылады. Ол жәбірленушілерге тегіс оқпанды мылтықтан оқ атып өлтірді. Сот шешімі бойынша Бектаев 17 жылға сотталды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сотталушылар орындығында қылмысқа қатысқан тағы бірнеше күдікті болды. Осылайша, Бекенов пен Оспанов қаруды қолданып, бұзақылық жасағаны үшін үш жылға сотталды. Ал Мамытбаев қылмыстың әзірленіп туралы сәйкес органдарға хабарламағаны үшін бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Соңғы жаңалықтар