Екі адамды өлтірген Алматы тұрғыны 17 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бөтелкелестерін өлтірген ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының мәліметінше, осы жылдың жазында аса ауыр қылмыс тікелді.

Ішімдік ішу кезінде ер адамдардың арасында жанжал туындап, 43 жастағы Е. есімді азамат К. және Б. есімді бөтелкелестерін пышақтап тастаған.

«Өкінішке қарай, жараланғандардың екеуі де есін жимастан ауруханада көз жұмды. Күдікті бірден ұсталып, қамауға алынды. Тергеу оның әрекетін ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігімен саралады. Е. есімді азамат сол күні-ақ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, отырыс жеке үйдің ауласында болған. Бір кезде екеуі дауласа бастайды. Е. алдымен К. есімді азаматқа, сосын оларды ажыратпақ болған Б-ға пышақ сұғады», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Полиция өкілінің айтуынша, оның қылмысы дәлелденіп, 17 жылға сотталды.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 43 жастағы Е. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар