«Екатеринбург – Алматы» трассасындағы жол апатынан 3 адам зардап шекті

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 маусым күні Аршалы ауданының аумағында «Екатеринбург – Алматы» автожолында болған.

«Анықталғандай, «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін және қашықтықты сақтамай, алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы зардап шекті», – деді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.


Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, көлік құралын шаршаған күйде басқармауды, сондай-ақ автокөліктің жолға жарамдылығын тексеріп тұруды сұрайды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмып, екі адам ауруханаға түскен болатын.



Соңғы жаңалықтар