Екатеринбург - Алматы тасжолында 3 тонна жанармай төгілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аршалы ауданы аумағында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының бойында бензин тасымалдайтын «DAF» көлігінің цистернасына тесіліп, 3 тонна бензин төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай маусымның 1-де Жібек жолы аумағы арқылы өтетін «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1289-шақырымында болған.

Бұл туралы сол күні сағат 15:30 кезінде Аршалы аудандық полициясының кезекші бөліміне хабарланды.

Анықталғандай, жүргізуші тиелген 7 тонна жанар-жағармайды Нұр-Сұлтан қаласына апара жатқан.

Жолда цистерна тесіліп, 3 тонна жуық жанармай тасжолдың үстіне төгілді.

Бұл өз кезегінде өзге көліктердің жүруіне қауіп төндірді.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жолдың аталмыш учаскесін уақытша жапты. Кейін өрт сөндірушілер жетіп, жанармай төгілген жерді сумен шайып, құм шашты. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 630-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар