«Екатеринбург - Алматы» тас жолында 41 жастағы әйел мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аумағында «Екатеринбург – Алматы» тас жолында 41 жастағы әйелді көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, 16-шы қазан күні кешкі сағат 19:24 шамасында Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Талапкер ауылында, яғни, «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1239 шақырымында «Ford» көлігін тізіндеген Фарфоровый ауылының 51 жастағы тұрғыны 1978 жылғы әйелді қағып кеткен. Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі Астрахан ауданына бағыт алған. Ал, әйел, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, ол жолдың рұқсат етілмеген тұсынан кесіп өтпек болған.

«Әйел бірден оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Жол патрульдік полиция қызметкерлері арада 5 минут өткен кезде оқиға орнынан табылды. Қазіргі кезде, жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар