Екатеринборда жұмыссыз азаматтың 20 миллион рубль салынған шабаданын ұрлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 2 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:20-да Екатеринбор әуежайында жұмыссыз азаматтан ішінде 20 миллион рубль салынған шабадан ұрланды.

Бұл оқиға вокзал маңындағы алаңда орын алған. Онда ер адамның қасына белгісіз біреу келіп, тапаншамен қорқытып, бағалы жүгін алып қойған соң, «Жигули» көлігіне мініп, кетіп қалды.

Қаскүнемнің беті шарфпен жабылғаны белгілі.

Анықталғандай, жәбірленуші бизнеспен айналысатын туысқанының ақшасын алып жүрген.

Қарақшылық фактісі бойынша қылмыстық іс ашылды, ал белгісіз азаматтың мінген көлігіне іздеу жарияланған, деп жазады informing.ru.

Соңғы жаңалықтар