«Екатеринбор-Алматы» тасжолындағы жол апаты: 2 адам мерт болып, 4-еуі зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Екатеринбор-Алматы» тасжолында екі жеңіл көлік бетпе бет соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қарашаның 23-де сағат 00:10 Жақсы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Перекатное станциясының тұсында, «Екатеринбор-Алматы» автожолының 967 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарланды.

Анықталғандай, Қостанай қаласы бағытында жүріп бара жатқан «Hyundai Sоlaris» автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Audi В-4» көлігімен бетпе бет соқтығысты. Салдарынан «Hyundai Sоlaris» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары) оқиға орнында көз жұмды. Ал, Атбасар қаласының тұрғыны басқарған Audi В-4» көлігінің 59 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ, «Hyundai Sоlaris» көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-ші бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар