«Екатеринбор-Алматы» тас жолында ер адам көліктің астына түсіп мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Екатеринбор-Алматы» тас жолының бойында 22 жастағы жігіт көліктің астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, облыс аумағында үш күн бойы «Ауыл жолы» жедел алдын алу шарасы өтті. Шара барысында жол-патрульдік полициясы қызметінің қызметкерлері 1185 жол көлік оқиғасын анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдік ішіп алған 46 жүргізуші ұсталды, 202 жылдамдықты шамадан асыру, 231 қауіпсіздік белдеуін тақпау, 95 рөлде келе жатып ұялы тедефонмен сөйлесу және 2 жолдың қарсы бағытына шығу оқиғасы тіркелді.

Оған қоса, 140 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Осы ретте, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін жиі бұзатыны анықталып отыр. Ағымдағы жылдың 4-ші қараша күні Астарахан ауданының Жалтыр ауылы маңындағы «Екатеринбор-Алматы» тас жолының рұқсат етілмеген жерінен жүгіріп өпек болған ер адамның ажал құшуы осыған айқын дәлел.

«Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты Астархан ауданық ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында анықталғандай 22 жастағы Старый Колутон аулының тұрғыны жолдың рұқсат етілмеген жерінен жүгіріп өтпек болып, «ВАЗ 2114» көлігінің астына түскен. Ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, көлік жүргізушісінің сау болғаны анықталып отыр. Қазіргі кезде, тергеу амалдары одан әрі жалғасуда», дейді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар