Екатерина Шабалина Африка кубогында қола жүлде жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екатерина Шабалина Мороккода өткен Африка кубогында триатлоннан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Морокконың Дахла қаласында спринт қашықтығындағы триатлоннан Африка кубогы өтті. Сайысқа әлемнің 15 елінен келген Elite санатындағы 37 триатлоншы қатысты. Осы сайысқа қатысқан жалғыз қазақстандық спортшы Екатерина Шабалина 01:01:34 нәтиже көрсетіп қола жүлдеге ие болды. Бірінші және екінші орындарды жапондық спортшылар Минори Икено (01:00:57) и Чисато Накаджима (01:01:12) алды», - деді триатлоннан Нұр-Сұлтан қалалық аға жаттықтырушысы Мұрат Әубәкіров.

Ерлер арасындағы бірінші орынды жуырда Тхонъенде өткен Әлем кубогында жеңіске жеткен мароккалық Джавад Абдельмула (00:52:27) жеңіп алған. Екінші орынды – жапондық Рен Сато (00:52:32), үшінші орынды – ресейлік Денис Колобродов (00:52:38) иеленді.



Соңғы жаңалықтар