Екатерина Дмитриченко ITF Women's турнирінің финалына жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екатерина Дмитриченко ITF Women's турнирінің жұптық сыны бойынша финалға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Израильдің Акко қаласында 10 маусымнан бастап теннистен халықаралық ITF Women's турнирі өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры - 25 000 АҚШ доллары.

Қазақстандық теннисші Екатерина Дмитриченко израильдік спортшы Шелли Березнякпен жұптық сында турнирдің финалына шықты.

Финалға шығу үшін қыздар кортта ресейлік жұп Кружкова және Вишневскаямен кездесіп, 6:0, 6:7(4), 10:8 есебімен жеңісген болатын.
Финалда Дмитриченко мен Березняк түрік-хорват жұбы Сойлу және Ньиричпен жеңіске таласып, 2:6, 0:6 есебімен жол берді.

Соңғы жаңалықтар